Интернет-алаяқтар қолданатын құрылғы

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда sim-бокстарды пайдаланды деген күдікпен ТМД елдерінің бірінің 32 жастағы азаматы ұсталды. СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, sim-бокстар жалған құжаттар бойынша жалға алынған пәтерлерде орналастырылған.

 

Мұндай sim-бокстарды пайдалана отырып, интернет-алаяқтар «банктердің», «құқық қорғау органдарының», «ұялы байланыс операторларының», «Қазпоштаның» және басқа да ұйымдардың атын жамылып, өз құрбандарына жалған нөмірлерден қоңырау шала алады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтар өз әрекеті арқылы үш мақсатты ұстанады: Біріншісі — олар адамнан sms-хабарлама арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Мұны мүлдем жасауға болмайды: кодты біліп алған қылмыскерлер сіздің шоттарыңызды иеленуі мүмкін.

Екіншісі — алаяқтар адамдарды алдап, телефондарына «AnyDesk», «TeamViewer», «HopToDesk», «AirDroidControl» және басқа да бейтаныс қосымшаларды орнатуға көндіреді. Бұлар алаяқтарға ұялы телефонды қашықтықтан отырып басқаруға мүмкіндік беретін қосымшалар. Егер телефоныңыз сіздің командаларды орындамай жатқанын байқасаңыз, «ұшақта» режимін қосуға тырысыңыз, бұл қашықтықтан басқару сеансын тоқтатады.

Үшіншісі — алаяқтар көп қолданатын тәсіл — адамды ірі несие алып, «қауіпсіз» немесе «резервтік» шотқа ақша салдыруға көндіру. Естеріңізде болсын: банктің бірде-бір қызметкері адамды қандай да бір қаржылық операцияларды орындауға көндіре алмайды. Өзіңізді қорғау үшін Egov.mobile мобильді қосымшасында несиелерден ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланыңыз. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Полицейлер оның киберқылмыскерлердің ірі желісінің жұмысына қатысты бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ақерке Дәуренбекқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz