«102» омниканалдық қосымшасы – адамдарға құқықтық тәртіпті сақтауға қатысуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал. Оның көмегімен 3 айда полицейлер Петропавл қаласының тұрғындарынан 84 хабарлама қабылдады.
Келіп түсетін хабарламалардың мазмұны әр түрлі. Басым бөлігі жол жүрісі қағидаларын бұзуға қатысты. Жолдардағы апаттық жағдайлар, тротуарлар мен көгалдарға көлікті қаңтарып қою – қырағы қала тұрғындары фото және бейнежазбалар қосылған хабарламаларды жібереді, осылайша тәртіп бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға көмектеседі.
Сондай-ақ мас күйде жанжал шығару, тыныштықты бұзу, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау туралы хабарламалар келіп түседі. Адамдарды есірткінің таралуы да алаңдатады. Қаңтар айының соңында Интернациональная көшесіндегі үйдің тұрғыны кіреберісте белгісіз адамдардың шегілетін жолмен есірткіні қолдануы мүмкін екенін хабарлады. Тағы бір желі қолданушысы бөгде адаммен хат алмасқан сәтінің скриншоттарын жіберген, тұтқаның арғы жағындағы адам есірткі курьерінің жұмысын ұсынған.
Әр хабарлама мұқият тексеріледі. Полицейлердің айтуынша, қоғаммен белсенді серіктестік – «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асырудың қажетті құрамдас бөлігі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.