Дрондар – полиция көмекшісі

Авторы: Qyzyljar News

Өңір жолдарындағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қадағалауда дрондар қолданыла бастады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары қалалық жағдайда бейнебақылаумен қамтылмаған жерлерде полицияның сенімді құралына айналуы мүмкін. Жоғарыдан қоғамдық орындарда темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу фактілері айқын көрінеді. Сондай-ақ дрондар трассаларда жол жүрісі қағидаларының бұзылғанын анықтауға мүмкіндік береді. Тіркелген құқық бұзушылықтар жақын маңдағы полиция жасағына жіберіледі, одан кейін патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылдайды.

Полиция қызметіндегі заманауи техникалық құралдар – «Заң мен тәртіп» қағидатын тиімді іске асырудың қажетті құрамдас бөлігі. Дрондар қауіпті жағдайларды дер кезінде байқауға және қайғылы жағдайларды болдырмауға, қажетті шаралар қабылдауға көмектеседі. Бұл жұмыс полиция мен прокуратураның тығыз өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz