БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛУҒА НИЕТТІ

Авторы: Qyzyljar News

Шетелдік инвесторлар өңірде тыңайтқыштар шығаратын бірнеше зауыт салуды жоспарлап отыр.  Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов ресейлік «УА» компаниясының басқарушы директоры Елена Филипповамен  және «ГринДар» компаниясының директоры Евгений Усаченкомен кездесті. Облыс аудандарында органикалық тыңайтқыштар өндіретін бірнеше зауыт салу жоспарланған. Инвестициялық жоба жүзеге асқан жағдайда диқандар  жергілікті сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз етіледі.

«Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға жобаны қысқа мерзімде іске асыру үшін барлық қажетті көмек көрсетіледі. Біз  инвесторларға жобаның барлық кезеңінде қолдау білдіреміз», – деп атап өтті өңір басшысы.

Облыста жыл сайын топырақтың құнарлылығын арттырып, өнімділікті көбейту мақсатында минералдық тыңайтқыштарды қолдану мөлшері өсіп  келеді. Биыл өңір алқаптарына 333 мың тонна минералдық тыңайтқыш  сіңіру  жоспарланған. Осы орайда жаңа кәсіпорынның салынуы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына елеулі үлес қоспақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz