ЗИРАТҚА БАРА ЖАТҚАНДА ҚАЗА ТАПТЫ

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстанда зират басына барған зейнеткердің үстіне ағаш құлаған. Бірден жедел жәрдем шақырылып, көмек көрсетілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Мағжан Жұмабаев аудандық ауруханасының мәліметінше, Булаев қаласында зират басындағы оқыс оқиға туралы хабарлама сағат 11.58-де түскен. Бірер минут ішінде жеткен дәрігерлер 69 жастағы әйелдің үстіне ағаш құлағанын анықтады.  Зейнеткер қайтыс болғандарды еске алуға барған. Мамандар келгенде оның жағдайы ауыр болған. Оған ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды.

Науқас бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz