Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иеленген облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызылжарлықтарды қазақ әдебиетін шоқтығы биік туындыларымен байытқан айтулы тұлғаның мерейтойымен құттықтады. Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қаламгердің қазақ руханиятындағы орнына тоқталып, оның шығармалары халықтың қазынасына айналғанын айтты. Кейін жазушының қызы Жанна Мұқановаға құрмет көрсетіліп, қамзол кигізілді.
Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра
124
алдыңғы жаңалық