«ЗИКСТО» АҚ ЖЫЛЫНА 1,5 МЫҢ ЖҮК ВАГОНЫН ШЫҒАРУ ҚУАТТЫЛЫҒЫНА ИЕ. БИЫЛ КӘСІПОРЫНДА 12 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ВАГОН-ПЛАТФОРМАЛАР ҚҰРАСТЫРАТЫН АУҚЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА, ОНЫҢ ҚҰНЫ – 24 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ.
«Railways systems» холдингінің жылжымалы құрам өндірісінің атқарушы директоры Данис Арасламовтың айтуынша, цех түрлі формадағы вагондар шығаратын болады. Бұдан бөлек, роботтандырылған техниканың бірнеше түрі жасалады. Нарықтың сұранысы мен қажеттілігіне бейімделе отырып, әмбебап, жолаушыларға арналған купе вагон-платформалар, почта-багаж, электр пойыздары көбейтілмек.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өнімді өткізу көлемі 23,5 пайызға артты. Жаңа цех тәулігіне кемінде 8 платформа құрастырмақ. Компанияның бас кеңсесі Екібастұзда орналасқандықтан, барлық жабдықтар мен бөлшектердің бір бөлігі сол жақтан жеткізіледі.
«Ішкі жүк өндірісі үшін доңғалақтар өзімізде шығарылады. Негізгі шикізат холдингтен, сондай-ақ Қазақстаның өзге өңірлерінен және Ресейден жеткізіледі. Осылайша қажетті бөлшектер мен жабдықтармен қамтамасыз етеміз», – дейді Д.Арасламов.
Жаңа цехта жылжымалы жүк құрамын өндірудің толық циклі ұйымдастырылады. 300-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны бір мыңға жуықтайды.
Валерия СИВАШ.