ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНА ШАҒЫМ КӨП

Авторы: Qyzyljar News

ОБЛЫС ӘКІМІ ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТҰРМЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАЛА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ. ҚАБЫЛДАУҒА КЕЛГЕНДЕР БАЗАР МАҢЫНДАҒЫ «ҚЫЗЫЛ СЫЗЫҚТАРДЫҢ» БҰЗЫЛУЫ, САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛМАУЫ, ТРОТУАРЛАР МЕН ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ӨТКЕЛДЕРІН ОРНАТУ, ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРМЕН КҮРЕС, ӘУЕ РЕЙСТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ АУЛАЛАРДЫ АБАТТАНДЫРУ СЫНДЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРДІ.

Өңір басшысы әр өтінішке жеке тоқталып, жауап­ты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді. Ол тұрғындар көтерген түйткілдерді шешу жергілікті атқарушы орган жұмысының негізгі басымдығы екенін атап өтті.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Әлім Шүкенов вокзал маңында автотұрақтың жетіспеуі, қарттар үйіндегі орын тапшылығы және қалалық саябақтар­дың қазіргі жай-күйіне алаңдаушылық білдірді. Ол әсіресе «Дария» базары орналасқан аумақтағы ретсіз құрылыстар мен санитарлық ахуалға назар аударды.

Базар «қызыл сызық» үсті­не бей-берекет салынып жа­тыр. Көлік қозғалысы қиын­дап, кептеліс жиілеген. Бір­жақты қозғалыс енгізілгені­мен, автотұрақтар жоқ, жасыл аймақты ұтымды пайдалану жағы ескерілмеген. Сонымен қатар бірқатар сауда нысанда­ры тікелей жылу құбырлары­ның үстіне салынған, бұл апаттық жағдайда қауіп туғы­зуы мүмкін.

Облыс әкімі бұл мәселені назарға алып, аталмыш аумақ­тың санитарлық жағдайын тексеруді, сонымен қатар қо­сымша тұрақ орындарын ұйымдастыру мүмкіндігін қа­растыруды тиісті мекемелерге тапсырды. Сонымен қатар ол жақын маңдағы басқа базар­ларды, оның ішінде бұған дейін өрт шыққан «Рахат» сау­да үйін тексеру қажеттігін де атап өтті.

Тағы бір тұрғын – Вадим Саликов аулаларды абаттан­дыру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, жол жамылғысы­ның нашарлығы салдарынан аула ішінде ұсақ жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Тұрғынның бұл мәселе бо­йынша фото-дәлелдері де бар. Сонымен қатар спорт ала­ңындағы қоршаудың әлсіз екені айтылып, оны жаңарту туралы өтініш білдірді.

Өңір басшысы аулаларға қатысты сараптама жасап, ас­фальт салу мен қоршау сапа­сын ерекше назарда ұстау қа­жет екенін айтты. Ол тұрғын­дардан түскен шағымдардың ескерілетінін және барлық жұмыстардың нақты орында­луын қадағалау қажеттігін атап өтті.

Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі барлық айтылған ұсыныстар мен ша­ғымдар бойынша тиісті шара­лар, нақты шешімдер қабыл­дануы керектігін қадап айтты. Халықпен кері байланыс ор­натып, олардың мұң-мұқта­жына құлақ асу – жергілікті билік жұмысының ажырамас бөлігі екендігін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz