Солтүстікқазақстандық құтқарушылар өртеніп жатқан жатқан үйден 69 жастағы қала тұрғынын аман алып шақты. Өрт ақпанның 19-ы күні «Казахстанская правда» көшесіндегі жер үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Таңғы сағат 10-дар шамасында «101» байланыс нөміріне тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түседі. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде баспана ішінде жүріп-тұра алмайтын әйел адамның қалып қойғаны белгілі болады.
-Үйге кіреберісте еден жанып жатты. Ішін көк түтін алып кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметі дереу сырқатқа шалдыққан тұрғынды іздестіре бастады. Өрт сөндірушілер бір жағынан тілсіз жаумен арпалысты,-дейді төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Зейнеткер қуыс бөлмеде болған. Абырой болғанда, тез табылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сәлден соң әйел адамның жағдайы реттеліп, көрші үйге жеткізілген. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды аз уақыттың ішінде ауыздықтады.