Елдегі эпидахуал біртіндеп жақсарып келеді. Бүгінде бірнеше облыста коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазір «қызыл» зонада тек Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы қалды. Мысалы, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 72 солтүстікқазақстандықтың бойынан табылды. Қазір ауруды жұқтыру көрсеткіші бойынша оңтүстік астана көш басында тұр. Алматыда 203 адам сырқаттанған. «Сары» аймаққа Ақмола, Қостанай мен Павлодар облыстары енді.
Ал «жасыл» аймақта — Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе,Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Батыс пен Шығыс Қазақстан облыстары.