Жаңа корпус талапкерлерді тартуға сеп болмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысына келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқу-зертханалық корпусы құрылысының барысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

⠀Депутаттардың пікірінше, бұл оқу корпусы мен оның мүмкіндіктері талапкерлердің осы оқу орнын таңдауына сеп болмақ. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан корпус мектептер мен колледждер түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін қысқартуға мүмкіндік береді.

whatsapp image 2022 02 21 at 12.31.48

— Құрылыстың қажеттілігі соңғы жылдары білім алушылар контингентінің өсу динамикасына байланысты екені атап өтілді. Жаңа корпус құрылысының және оқытудың жаңа әдістемелерін енгізудің арқасында студенттер контингенті келесі жылдары 10 000 адамға жетеді, деп атап өтті партияның өңірлік филиалында.

Өз кезегінде, университет ректоры Ерлан Шуланов оқу корпусы заманауи талаптарға сай және экологиялық және энергия үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып салынатынын атап өтті. Алдағы уақытта мұнда заманауи IT-инфрақұрылымды дамытуға назар аударылатын болады. Ол үшін оқу процесін цифрлық технологиялар, «жасыл экономика» және энергия үнемдейтін білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Болашақта бұл экономика салаларындағы сұранысты ескере отырып, түлектердің жұмысқа тұру мәселесін шешуге көмектеседі.
Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов депутаттармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды. Өңір басшысы биылғы жылы өткізілетін іс-шаралар кешені, өнеркәсіптік нысандардың іске қосылу саны, тұрғын үй құрылысының қарқыны, медициналық, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы туралы баяндады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz