388
Соңғы тәулікте Қазақстанда 483 адамның бойынан коронавирус белгілері анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жалпы, індет басталғалы коронавирус дертін ел бойынша 1 256 284 адам жұқтырған. Қазіргі күні аурудың таралу қарқыны бәсеңдеді. Ауырғандардың ең көбі Алматы қаласында. Мұнда соңғы тәулікте 172 адам тіркелген. Солтүстік Қазақстан екінші орында. Кеше ПТР-тестілеудің қорытындысы бойынша 55 адамның дертке шалдыққаны анықталды.