Қазақстанда мобильді аударымдарды бақылау шарттары әзірленді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банк шоттарында жасалатын операциялары қай жағдайда кәсіптен түскен кіріс ретінде бағалатыны туралы жоба дайындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Банк шоттарына мобильді аударымдар арқылы табыс түсетін кәсіпкерлерді төмендегі критерий бойынша анықтау көзделген:
Жеке тұлғалардың банк шотына 3 ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі адамнан қаражат түссе онда бұл кәсіпкерліктен табыс табу болып саналады.
Салық кодексі аясында 2025 жылға дейін екінші деңгелі банктер мемлекеттік кіріс органдарына жеке тұлғалардың санаттары бойынша кезең-кезеңмен ақпарат береді.
Қаржы министрлігі банктердің осындай операциялар туралы мәліметтерді ұсыну мерзімдерін де бекітуді жоспарлап отыр. Банктер мен қаржы ұйымдары сұратуды алған күннен бастап белгілі бір мерзім ішінде мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетіне «MicrosoftExcel» форматында электронды пошта арқылы жібереді.
Еске сала кетейік, осыған дейін елімізде «мобильді төлемдер» ұғымы енгізілген болатын, кәсіпкерлерге кәсіптен түсетін ақша мен жеке түсімдерді бөлу міндеті жүктелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz