Ұлтаралық араздық тудыратын пікір жазған петропавлдық 7 жылға сотталды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл қаласының 37 жастағы тұрғыны әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында экстремистік сипаттағы материал жариялап, ұлтаралық араздықты тудыратын пікір жазған. Ер адамның бұл әрекетін филологиялық сараптама қорытындысы растады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, заңға қайшы әрекет еткен тұрғын қалалық соттың шешімімен 7жылға бас бостандығынан айырылды.
Жалпы, биыл «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздық тудыру» бабы бойынша 2 тұрғын қамауға алынды. Олар бас бостандығы 3,5 және 4 жылға шектелді.

-Осы ретте әлеуметтік желіге ұлтаралық алауыздық тудыратын материал жариялағандар заң алдында қатаң түрде жауап беретінін еске салғым келеді. Атап айтсақ, осындай әрекетке барған адамдарға үлкен көлемде айыппұл салынып немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер құқық бұзушылыққа бірнеше адамның қатысы болса, жаза 20 жылға дейін өсуі ықтимал, — дейді экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz