Құмар Ақсақалов облыстағы аудандар мен Петропавл қаласының әкімдеріне қар шығару жұмыстарын мықтап қолға алуды тапсырды

Авторы: Qyzyljar News

Қолда бар техниканы қайта тексеріп, биылғы жылы су тасқынына дайындық жұмыстарын күшейту керек. Бүгін облыстық әкімдік отырысында өңірдегі тасқын қаупінің алдын-алу шаралары пысықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көктем келісімен облыс тұрғындарын алаңдататын басты мәселе – су тасқыны. Бұған себеп те бар. Өйткені Солтүстік Қазақстан облысы осыдан бірнеше күн бұрын республика төңірегінде су басу қаупі бар аймақтардың тізіміне енді.

-Алдыңғы жылдардағы тәжірибеге сүйенсек, су тасқынына дайындық жұмыстарын ертерек, қазірден бастап қолға алу керек екенін айтқым келеді. Сондықтан, аудан әкімдері мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандарына жағдайды тұрақты түрде бақылауда ұстауды тапсырамын,-деді облыс әкімі.

Айта кеткен жөн, соңғы 5 жылда өңір аумағында 170 ауылды су басу қаупі сейілді. Жерді биіктету үшін 130 шақырымнан астам топырақ үйінділері мен 7 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттері салынды және облыстың автожолдарында 79 су өткізу құбыры, 7 тюбинг орнатылды. Одан бөлек, 48,5 шақырым дренаж жүйесі жөнделді. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам халқы бар 85 ауыл бақылауда тұр, олардың 13-де су басу қаупі аса жоғары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz