Солтүстік Қазақстан облысында карантин талаптары жиі бұзылатын аудан белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық әкімдік отырысында Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев мониторингтік топтың атқарған жұмыстары жайлы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақпан айында облыс аумағында 61 рейд ұйымдастырылып, 364 нысан тексерілді.

-Мониторинг кезінде Тайынша ауданындағы 15 нысанда ереже бұзу фактілері тіркелді. Ал қалған аудандарда олқылықтар байқалған жоқ. Дегенмен, Ақжар, Ғабит Мүсірепов пен Шал ақын аудандары мен Петропавл қаласында рейдтік шаралар әзірге өткізілген жоқ. Ал Аққайың ауданында тек 2 тексеру жұмыстары жүргізілді. Уәлихановта 5 рейд ұйымдастырылды,-деді Әсет Жұматаев.

Әсет Жұматаев мониторингтік топтар карантин ережелерін бақылауға арналған жұмыстарын күшейте түсу керектігін атап өтті.
Сонымен қатар, маман облыста «Ashyq» жүйесі ережелерін бұзудың 48 фактісі анықталғанына назар аударды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жандар «қызыл» статусты бола тұра, нысандарға кірмекші болған. Бұл қылықтары үшін азаматтарға 2,3 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz