Авто көлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұлтуралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында утиль алым төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.
-Авто өнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, — деді бірінші вице-премьер.