Былтырғы жыл үшін көлік құралдарына салық төлеу мерзімі сәуірдің 1-і аяқталады. Бұл туралы Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Сондықтан, темір тұлпар иелеріне www.kgd.gov.kz электрондық сайты мен eSalyq Аzamat мобильді қосымшасы арқылы салықтық берешектерін тексеру қажеттігін еске саламыз. Қарыз туралы ақпаратты KaspiBank қосымшасы арқылы да білуге болады. Салықтық ұйғарым шығып кетпес үшін соманы уақытында төлеген дұрыс,-дейді басқарма өкілдері.
Егер салық төленбесе, банктік шоттар арқылы жасалатын қаржы операцияларына шектеу қойылады. Сондай-ақ, автомобильдер арнайы тұраққа қойылуы мүмкін. Көлік салығын есептеу мәселесіне қатысты сұрақтар туындаса, Кәрім Сүтішев көшесі 56 мекенжайына барып немесе 46-60-29, 46-60-75 телефондары арқылы хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады.