СҚО-дағы су таратушы компания құжаттарды бұрмалап, заңсыз субсидия алған

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын заңсыз субсидия алған. Заңға қайшы әрекет жасағаны үшін мекеме директорының үстінен қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпорын басшысы демеуқаржы алу үшін заңды тұлғалар тұтынған су туралы құжаттарда көрсетілген көрсеткішті азайтып, тұрғындар пайдаланғанның көлемін көбейтіп жазған.
Айта кету қажет, қазір елді мекен тұрғындары үшін бекітілген тариф бойынша судың текше метрі – 40 теңге. Ал заңды тұлғалар ауыз су үшін 800 теңге төлеулері қажет.

-Халықты ауыз сумен қамтамасыз етуші компаниялар қатарында мемлекеттен субсидия алатындар бар. Тергеуге іліккен серіктестік басшысы демеуқаржыны көбірек алу үшін құзырлы органға бұрмаланған ақпарат жолдаған. Заңды тұлғалар тұтынған су көлемін 25 мың текше метрге кемітіп көрсетіп, 20 млн теңге көлемінде субсидия алған,-дейді СҚО экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі Виктория Алпеева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz