Петропавлда көшелерді қардан тазалаған мекеме қызметкерлері еңбек ақысын ала алмай жүр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл көшелерін қардан тазалаумен айналысатын жұмысшылар өткен жылғы қызметі үшін еңбек ақыларын әлі күнге дейін ала алмай жүр. Маңдай терлерімен тапқан ақшаларына қолдары жетпей жүрген кәсіпкердің айтуынша, «Коммунхоз» серіктестігі қызметкерлерге 80 млн теңгеден астам берешек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кәсіпорын амалсыздан ұжымдағы жұмысшылармен келісім шартты бұзған екен. Қарыз таяу арада қайтарылмаса, мердігер компания банкротқа ұшырауы мүмкін.

-Салыстыру актілерінің барлығына қол қойылды. Менің компаниям қарды дұрыс тазаламады делік. Бірақ, мен ғана емес, өткен жылы коммуналдық қызмет көрсеткендердің барлығы ақшасын ала алмай жүр. Несие алып, белшеден қарызға баттым. Қарызды өтеу үшін қолда бар техниканы сатуға мәжбүрміз,-дейді кәсіпкер Амбарцум Искандарян.

Қолда бар мәліметке сүйенсек, бүгінде қос тарап бір шешім шығару үшін соттасып жатыр. «Коммунхоз» серіктестігі қар тазалаушыларға қанша мөлшерде қарыз екені саналуда. Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолланың айтуынша, қалалық әкімдік ешкімге қарыз емес. Тиісті соманы «Коммунхоз» шотына аударған.

Айта кетейік, былтыр облыс орталығы көшелерін қардан тазалау жұмыстарына
қала бюджетінен 1,2 млрд теңге бөлінді. Қыруар қаржының қайда жұмсалғаны беймәлім.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz