Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, қар шығару барысында компаниялар көзбаяушылықпен айналысып жүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір жетекшісі мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін компаниялардың жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды.
-Бір көлік қар шығарса екі-үш рейс деп жазып қояды. Қоғамдық бақылаушыларды тарту керек, бейнебақылау камералары арқылы тексеру керек. Камаз көліктерін жартылай бос тиеп, апарып төге салады. Бұл жұмыстарға қыруар қаржы бөлініп жатыр, деді Құмар Ақсақалов.