СҚО-да бір жер аумағы екі диқанға берілген

Авторы: Qyzyljar News

Ақжар ауданындағы 1 учаске 2 бірдей аграрийге сатылған. Олқылық кадастрлық нөмірден кеткен қатеден туындады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Жанбота» мен «Кең дала 2019» серіктестіктерінің арасындағы жер мәселесі осыдан 5 жыл бұрын басталған. «Жанбота» шаруашылығы 2015 жылы аудандық әкімдіктен 600 гектар аумақты жалға алып, ол жерге бірнеше жыл қатарынан егін егіпті. Бірақ, біраздан кейін жердің басқа иесі бары анықталған. Яғни, сонау 2009-да басқа компания дәл сол жерді жалға алып, оны банкке кепілдікке қойған. Бұл жайында билік өкілдеріне тіс жармапты. Соңында серіктестік банкротқа ұшыраған. 2014 жылы ескі кадастрлық нөмір күшін жойып, кейін қайтадан қалпына келтіріліпті. Сәйкесінше, банк ол жерді аукционға шығарған. Сол кезде екінші шаруашылық заңды түрде жерді сатып алыпты.

-1 жыл бойы жер телімі ешкімге берілмеді. Сондықтан жерге жаңа кадастрлық нөмір берілді, — деді Жер кадастры басқармасының бас сарапшысы Ольга Семенина.

Соттасу әлі де жүріп жатыр.

-Біз бүгін сотқа онлайн хабарламаны көрсеттік. Онда жер телімінің кадастрлық нөмірі бізге тиесілі екені жазылған. Алайда, бұған қарамастан екінші тарап жердің ауысып, басқа кадастр берілгенін айтады. Бұл ақылға қонымсыз жағдай. Мемлекеттік органдардағы бұл келеңсіздіктер осындай даудың туындауына әкеліп соқты,-дейді адвокат Жасұлан Қауменов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz