Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың қатысуымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Манаш Қозыбаев университетінің ғалымдары, қоғам белсенділері мен облыстық мемлекеттік архивтің директоры, сондай-ақ әкімдіктің ішкі саясат, білім беру және мәдениет саласы басқармаларының басшылары қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020-жылдың қараша айында құрылған болатын. Әртүрлі жұмыс бағыттары бойынша 11 топ құрылды. Бүгінде жазықсыз сотталған, репрессияға ұшыраған адамдарға қатысты мәліметтер іздеп, жазаға ұшыраған жандарды ақтау ісімен 360-қа жуық тарихшы мен өлкетанушы айналысуда.

Жиында жергілікті комиссия мүшелері тапқан деректерімен бөлісіп, іздеу жұмыстарында кездесетін мәселелерді талқыға салды.

whatsapp image 2022 02 24 at 16.30.54

-Қазіргі таңда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға қатысты ақпарат іздеудеміз. Жұмыс барысын қысқаша түсіндіре кетейін. Алдымен ғалымдар тың деректерді жинайды. Кейін табылған материалдарды жобалық кеңсеге жібереді. Ол жақтан құжаттар прокуратура мен сотқа жетіп, мамандар толық ақтап алу шешімін шығарады,-дейді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі Людмила Гривенная.

 

Сонымен қатар, зерттеушілер тапқан құнды деректерін арнайы сайтқа жүктеп отырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz