Солтүстікқазақстандық дәрігерлердің ана өлімін жасыруына не себеп болғаны анықталды

Авторы: Qyzyljar News

Өткен жазда Тайынша ауданының тұрғыны, 34 жастағы жүкті келіншек коронавирус індетінің салдарынан көз жұмған болатын. Алайда, дәрігерлер әйелдің өлімін 1 айдан кейін барып қана тіркеген. Бұл жайында бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Нұрлан Айманов түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Марқұм болған Әйгерім Қазезова өткен жылы тамыздың 4-і күні Тайынша аудандық ауруханасынан облыстық көпбейінді ауруханаға коронвирус инфекциясымен түскен. Келіншектің өкпесінің 70 пайызы қабыныпты. Уақыт өте келе пациенттің жағдайы ауырлап, оны кесарево әдісі арқылы босандыруға тура келеді. Өкінішке қарай, асқынған дерттің салдарынан Әйгерім Қазезова тамыздың 22-сі күні көз жұмды. Мәйіт жақындарына еш құжатсыз тапсырылған. Кейін белгілі болғанындай, оның өмірден озуына байланысты берілген құжатта 22-қыркүйек күні қайтыс болды деп көрсетілген.

Анықталғандай, қос ауруханың дәрігерлері Денсаулық сақтау басқармасының тексерістері мен жалақыларының 50%-нан айырылып қалудан қорыққан. Сол себепті, Әйгерім Қазезованың өлімін 1 айға жасырған.

-Орын алған оқиғаның мән-жайы жуырда ғана белгілі болды. Дәрігерлер бұл фактіні жұмысымызға көлеңке түсіреді деп жасырып қалған,-деді СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Айманов.

Бұл іске қатысы бар Тайынша аудандық ауруханасының директоры отставкаға кетті. Ал облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілік қызметкерлеріне қандай шара қолданылатыныны келесі аптада белгілі болады. Жалпы, былтыр облыс аумағында Әйгерім Қазезованың жағдайын қоспағанда, үш ана өлімі тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz