Банктерде ұлттық валютадағы депозиттері бар қазақстандықтарға 10 пайыздық сыйақы төленеді

Авторы: Qyzyljar News

Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайтында жарияланған. Ұлттық банк бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозитеттері бойынша сыйақы беруді көздейтін «Теңгедегі салымдарды қорғау» бағдарламасын іске асырады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бағдарламаға 2022 жылдың 23-ақпанына дейінгі салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банкінде» ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатыса алады. Бағдарламаның ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қатысы жоқ.

Қаржы нарықтарындағы геосаяси тәуекелдер мен құбылмалылықтың өсуіне байланысты қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Үкіметпен бірлесіп, бюджет қаражатының есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 10 пайыздық сыйақы есептеуді көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын іске асыратын болады,-деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz