Петропавл 2-ЖЭО жоспарлы аттестаттаудан сәтті өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл 2-Жылу электр орталығы тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз ете алатынын дәлелдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қуаттылықты тексеру жұмыстары ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында өтті. Станция электр жүктемелерінің жиынтығын белгіленген жылдамдықпен максималды мүмкін параметрлерге дейін орындады, оны белгіленген уақытта ұстап тұрды, кейін қайтадан кері түсірді.

-Жасалған бұл тексерістер Жылу электр орталығының максималды қуатын тексеріп, апат болған кезде кәсіпорынның жылдам қимылдай алатынын бақылауға мүмкіндік береді. Жалпы, 7 турбоагрегатты сынамадан өткіздік. Оның барлығы берілген міндеттерді ойдағыдай атқарып шықты,-деді Петропавл 2-ЖЭО-ның бас инженері Сергей Торохтий.

Аттестау барысында техниканың сапасы ғана емес, қызметкерлердің жұмысы да тексерілді. Компания мұндай жұмыс барлық құрылғыларды қамтып, өзара ұжымдасуды талап ететінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz