Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі өз парақшасында Әйгерім Қазезованың өлімін жасырған адамдарға қатысты шара қабылданғанын жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әйгерім Қазезованың өліміне қатысты облыста тәуелсіз комиссия жұмыс істеді. Жан-жақты тексеру жүргізіліп, оның барысында барлық фактілер расталды. Осыған байланысты нақты шешімдер қабылданды.
көпсалалы облыстық аурухананың бас директоры Юрий Белоног,
Тайынша аудандық ауруханасының директоры Анатолий Рафальский қызметінен босатылды, деп жазды Құмар Ақсақалов.