Петропавл қалалық әкімдігі шатыры опырылып түскен мәдениет үйіне жөндеу жасалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, 24-ақпанда қалалық мәдениет үйінің төбесі ортасына түскен болатын. Апаттық жағдайдағы ғимаратта оқыс оқиға орын алған кезде ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ.
Енді, нысанда қайта қалпына келтірмек. Бұл мақсатқа 108 миллион теңге қажет дейді қала әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.
-Жобалық-сметалық құжаттар былтыр маусым айында әзірленген. Сараптама 2021 жылдың желтоқсанында жасалды. Қазіргі таңда қалалық құрылыс бөлімі конкурс өткізіп жатыр, ол наурызда аяқталады. Тендерді ұтқан компания қалпына келтіруді бастайды, деді Асқар Хабибулин.