Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің жанынан 4 комиссия құрылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бұл жайында кеңестің төрағасы Жарасбай Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

25 ақпанда өткен кеңестің отырысында салалар бойынша құрылған комиссиялардың жетекшілері сайланды. Олар өздеріне сеніп тапсырылған бағыттар бойынша жұмысты жандандырмақ.

whatsapp image 2022 02 25 at 19.42.16 4whatsapp image 2022 02 25 at 19.42.16 2whatsapp image 2022 02 25 at 19.42.16 1whatsapp image 2022 02 25 at 19.42.16

-Ауыл шаруашылығы, өңдеу, экология мәселелері жөніндегі комиссияны ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы облыстық ұйымының төрағасы Бекет Нұғыманов, құқық қорғау қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияны белгілі заңгер, облыстық мәслихаттың депутаты Евгений Кинцель, әлеуметтік сала, мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтаса жұмыс істеу және жастар саясаты жөніндегі комиссияны Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Павел Афанасьев, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, құрылыс, бюджет, салық және қаржы мәселелері жөніндегі комиссияны белгілі кәсіпкер, «Радуга» ЖШС-ның атқарушы директоры Петр Шарапаев басқаратын болды, — деді Жарасбай Сүлейменов.

Қоғамдық кеңес отырысында 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz