Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада 97 медаль жеңіп алды

Авторы: Qyzyljar News

Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық мектеп оқушылары 97 медальға ие болды. Сайысқа әлемнің 21 елінен 1200 оқушы қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстан оқушыларының қоржынында 13 алтын, 21 күміс және 63 қола медаль бар. Жеңімпаздар Astana IT University және Қазақстан-Британ техникалық университетінің атаулы сыйлықтары мен білім гранттарына ие болды.

— Халықаралық Жәутіков олимпиадасы қазақстандық және шетелдік оқушылар арасында жыл өткен сайын беделі артып келеді. Олимпиада кезінде қатысушылар дәстүрлі түрде математика, физика және информатика пәндерінен күрделі есептерді шешеді. Мұндай зияткерлік сайыстар олардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай, балаларды командада жұмыс істеуге, достық қарым ‒ қатынас орнатуға үйретеді,-деді Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі директорының м.а. Алмас Ордабаев.

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР БҒМ қолдауымен республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz