Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездескен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, жергілікті шаруашылық басшыларының халық алдында есеп беруге міндетті екенін еске салды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Өкінішке қарай, шаруашылық басшылары халықтан қашып жүреді. Турасын айту керек атқарған істеріне есеп бергісі келмейді. 2021 жылы қандай жұмыс атқарылды, серіктестіктің тапқан пайдасы қанша, осының бәрін білу керек. Қиын жыл болса оны да жасырмау керек. Адамдарды алдай алмайсың, бәрін көріп отыр, деді Құмар Ақсақалов.
Жауапкершілігі шектеулік серіктестіктер мен аудан әкімдеріне жыл сайын тұрғындар алдында әр ісіне, әр шешіміне жауап беру керегін естен шығармауды тапсырды. Сонда ғана халықтың сенімі өсіп, жұмысты жақсартуға сеп болмақ. Ең бастысы әлеуметтік салаға қанша қаржы құятыны, жалақыны қанша өсіретіні туралы жоспары болуы керек деді, облыс әкімі.