Есіл ауданында тауарлы – сүт фермасы салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да жергілікті ЖШС басшыларының халыққа есеп беру кездесулері жалғасуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Амангелді ауылында өткен кездесуде «Агрохимснаб» және «Поляковское» ЖШС басшылары есеп берді. Онда агроқұрылым жетекшілері атқарған жұмыстары мен жоспарлары туралы баяндады. Бұл жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.

whatsapp image 2022 02 28 at 11.44.25 1

-2022-жылға арналған Амангелді ауылын дамыту жоспары құрылды. «Агрохимснаб» ЖШС 20 үйге су тартады, сондай-ақ қоғамдық моншаны қалпына келтіреді. Бұл шаруашылық тауарлы – сүт фермасының құрылысын бастайды. «Поляковское» ЖШС сәбіз алқабын 3 есе ұлғайтады, омартаны да көбейтпек. Қосымша 10 жұмыс орнын ашады, деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі өз парақшасында.
Облыс әкімінің айтуынша, былтыр ауылға апаратын тас жол күрделі жөндеуден өткен. Сонымен қатар ауыл ішіндегі ұзындығы 5 шақырым болатын 9 жолды тегістеді. Ауылдың ішіне жарық бағандары орнатылды, Преснов топтық су құбырына қосылатын болды.

 

-Кездесуде көтерілген мәселелерді өз бақылауыма алдым. Мектеп пен медициналық бекетті жөндеу, интернетпен қамту, жастардың бос уақытын өткізуге арналған шаралар ұйымдастыру сияқты сұрақтарды шешуіміз керек. ЖШС басшыларының ауылды дамытуға арналған жоспарлары құжатталып, меморандумға қол қойылды. Бұл елді мекендегі жағдайды жақсартудағы негізгі бағытымыз болады, деді өңір басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz