Солтүстік Қазақстан облысында туберкулез жұқтырғандар азайып келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2021 жылы СҚО-да 183 адамның туберкулезбен ауырғаны анықталды. Жалпы соңғы 5 жылда аурудың бұл түрі өңірде азайып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша СҚО-да туберкулезге шалдығу 16% — ға төмендеді. 2020 жылы құрт ауруы 219 адамда анықталған болатын. Негізінен ересек адамдар арасында жиі кездеседі, балалар бұл дертті сирек жұқтырады.

— Туберкулез ағзаның барлық тіндеріне әсер етуі мүмкін. Бірақ тыныс алу жүйесінің қабыну жайттары жиі кездеседі. 2021 жылы облыста туберкулезбен сырқаттанғандардың 93% — ы осы санаттағылар, деп хабарлады СҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметі.
Үйдегі ылғал мен тұрмыс жағдайының төмен болуы, дұрыс тамақтанбау, ұйқының қанбауы, стресс секілді жағдайлар аурудың қозуына әкеліп соғады. Сондай-ақ ішімдік пен темекіге үйір жандар да ауруға жиі шалдығады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz