Петропавлдағы Зауыт көшесіндегі үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қоңырау шалған адам ұсталды. 38 жастағы қала тұрғыны удай мас болған, бірақ ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
-Терроризм туралы жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай хабарландырулардың кесірінен нысандардың жұмысы тоқтайды, кәсіпкерлерге шығын келеді, тұрғындардың мазасы кетеді. Ғимараттан жоқ жарылғыш затты іздеу үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. Сондықтан бұл қылмыс екенін, ондай ессіздікке барғаны үшін ірі мөлшерде айыппұл салынып, тіпті 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеміз, деді Петропавл қалалық №2 полиция басқармасының бастығы Руслан Сыздықов.