Қазақстандықтар зейнетақы жинағын балаларының еміне жұмсай алады

Авторы: Qyzyljar News

Денсаулық сақтау министрлігі емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Енді қазақстандықтарға біржолғы зейнетақы төлемін балаларының еміне пайдалануға рұқсат берілмек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған ереже баланың заңды өкілдері мен жақын туыстарына біржолғы зейнетақы төлемін баланың еміне пайдалану мүмкіндігін беру мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, бұл іске жұбайының және жақын туыстардың біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға болады. Ол үшін тараптар алушының жеке кабинетінде некені немесе туыстық қатынасты растайтын құжаттарды ұсынып, біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады, ол ЭЦҚ-мен куәландырылады.

Кейін өтініш беруші медициналық ұйымды, соның ішінде шетелдік ұйымды таңдап, онымен медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасасады. Уәкілетті оператор құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты пайдаланылуын тексереді.

Емдеуге жұмсалатын біржолғы зейнетақы жинағының мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар:
-қорытынды;
-медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.

Егер зейнетақы жинағын алушы біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынбаса, қаражат арнайы шотқа түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға қайтарылады.
Аталған құжат 14 наурызға дейін талқыланады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz