Солтүстік Қазақстан облысында мас күйінде рөлге отырған тұрғынға 600 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы кесілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Анықталғандай, өңір тұрғыны досының үйінде арақ ішкен. Кейін мас күйінде көлігіне отырып, үйіне келе жатқан жолда ұсталды. Медициналық куәландырудың қорытындысы оның мас екенін растады.
Өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне немқұрайдылық танытқан жүргізуші қылмысы үшін 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылатын болды. Одан бөлек, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылды.
-Заңға қайшы әрекет жасаған тұрғынға қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, бас бостандығынан айырылатыны түсіндірілді, — деді Есіл аудандық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметі бөлімінің бастығы Диана Дюсембинова.