Ұлттық банк: «Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы елімізге қауіп төндірмейді»

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Ресейдің SWIFT жүйесінен ажыратылуы еліміздің банктеріне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, жекелеген ресейлік банктердің SWIFT жүйесінен ажыратылуынан біздің банктерге келіп кетері жоқ.

-Ресейдің жекелеген банктерінің SWIFT-ке кіру рұқсатын бұғаттау Қазақстан ішіндегі төлемдерді жүргізуге әсер етпейді және елдің төлем нарығына тікелей қауіп төндірмейді. Қазақстан банктерінің ел ішінде клиенттік және меншікті төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу жөніндегі барлық операциялары штаттық режімде жүзеге асырылып жатыр, — деді ол.

Сонымен бірге, Ғалымжан Пірматов SWIFT жүйесінен ажыратылған Ресей банктерінің клиенттерімен трансшекаралық операцияларды қамтамасыз ету үшін өзара есеп айырысуларды жүргізудің балама тетіктері дайындалып жатқанын айтты.

Айта кету қажет, SWIFT — бұл банктер арасындағы хабарлама алмасу жүйесі. Оның көмегімен қаржы ұйымы ақшаны кім, кімге және қанша мөлшерде жібергенінен хабардар болып отырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz