Паралимпиада-2022 ойындарында солтүстікқазақстандықтардың қашан өнер көрсететіні белгілі болды

Авторы: Qyzyljar News

Наурыздың 4-і мен 13-і аралығында Бейжіңде Паралимпиада ойындары өтеді. Қазақстан намысын қорғайтын бес спортшының үшеуі – солтүстікқазақстандық. Сергей Усольцев, Ербол Хамитов және Александр Герлиц биатлон және шаңғы жарысында бақ сынайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Александр Герлиц мүгедектер спортына 2014 жылы келген. 4 жылдан кейін, яғни 2018 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында әлемнің үздік он шаңғышысының қатарына кірді.

Ербол Хамитовтың шаңғы жарысында бақ сынап жүргеніне көп уақыт болған жоқ. Ол Қытай төріндегі байрақты додада Қазақстанның туын ұстап шықпақ.

Ал Сергей Усольцев тек қысқы ғана емес, жазғы спорт сайыстарына да қатысып жүр. Жерлесіміз 2004 жылғы Паралимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан өнер көрсетті. Одан кейін 2018 жылғы сайыста биатлон мен шаңғы жарысына қатысты.

Қазақстандықтардың Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындарындағы жарыс кестесі кестесі:

5 наурыз, биатлон.

08:00 финал (отырып) 6 км — Сергей Усольцев.

10:15 финал (тұрып) 6 км — Александр Герлиц.

6 наурыз, шаңғы жарысы.

08:00 финал (отырып) 18 км — Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.

8 наурыз, биталон.

08:00 финал (отырып) 10 км — Сергей Усольцев.

10:00 финал (тұрып) 10 км — Александр Герлиц.

9 наурыз, шаңғы жарысы

08:00 іріктеу (отырып) спринт — Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко.

Іріктеу (тұрып) спринт — Александр Герлиц.

10:00 жартылай финал/финал спринт (отырып/тұрып) — Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин, Александр Герлиц.

11 наурыз, биатлон.

08:00 финал (отырып) 12,5 км — Сергей Усольцев.

10:30 финал (тұрып) 12,5 км — Александр Герлиц.

12 наурыз, шаңғы жарысы.

10:00 финал (тұрып) 10 км — Александр Герлиц.

12:00 финал (отырып) 7,5 км — Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.

13 наурыз, шаңғы жарысы

10:00 финал (4х2,5 км эстафета) — Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.

20:00 Жабылу салтанаты

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz