17 адамды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының 41 жастағы тұрғыны Ақмола өңірінің 17 тұрғынын алдап, қаражаттарын қалтасына басқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақпанның 10-ы күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына 48 жастағы тұрғын шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, осыдан 2 жыл бұрын тұтыну кооперативінің басшысы «ГАЗель» автокөлігін сатып алуға жәрдемдесемін деп, 2 млн 796 мың теңгесін алдап алған.

Кейін анықталғандай, 41 жастағы күдікті Көкшетауда «Тиімді тұрғын үй» және «Mansur auto» несие-тұтыну кооперативін ұйымдастырыпты. Клиенттерін жылжымайтын, жылжымалы мүлікті сатып алуға пайызсыз қарыз алуға көмектесемін деп сендірген. Осыдан кейін салымшылар сұраған соманы беріп отырған.

Аталған факті бойынша полиция басқармасының тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша алаяқтық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ақмола облысының 17 тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны анықталды. Шығын көлемі анықталып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz