Солтүстікқазақстандық «Қуаныш» волейбол клубы Қазақстан чемпионатында екінші орынға жайғасты. Дүбірлі додада жергілікті арулар ұлттық лига шеберлері командалары арасында өнер көрсеткен болатын. Бұл жеңістері біздің қыздарымыздың Азия клубтық чемпионатына жолдама алуына мүмкіндік берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Өткен жылы» Қуаныш» волейбол клубы Солтүстік Қазақстан облысының спорт тарихында алғаш рет Ұлттық лиганың қола медалін жеңіп алып, жанкүйерлерін қуантқан еді. Жаңа маусымда команда Қазақстан кубогында үшінші орынға ие болды. Ендігі кезекте спортшы қыздар чемпионаттың медальдары үшін бақ сынасатын болады,- дейді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.
Плей-офф кезеңі наурыздың 12-сі мен 20-сы аралығында Талдықорған қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Солтүстікқазақстандық команда 1/2 финалда «Жетісу» волейбол клубымен кездеседі.