Облыстағы 14 округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сайлау Қызылжар ауданына қарасты Архангелька, Аққайың ауданындағы Астраханка, Смирнов, Черкасск, Есіл ауданындағы Заречное және Тораңғұл, Уәлиханов ауданына қарасты Қарасу , Жамбыл ауданындағы Первомай мен Пресноредуть, Тайынша ауданындағы Киров пен Ақжардағы Май және Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Молодогвардейск, Ұзынкөл, Тимирязевтегі Хмельницк селолық округтерінде өтті.
Бұл жолғы сайлауда белсенділік танытқан Тораңғұл мен Ұзынкөл ауылдық округтерінің тұрғындары. Онда сәйкесінше халықтың 99,41- 99,15% — ы қатысқан. Астрахан ауылдық округіндегі көрсеткіш бұдан әлдеқайда төмен. Ауылдықтардың 52% — ы ғана өз таңдауын жасады.
10 әкім «Nur Otan» партиясынан (қазір — «Amanat»), біреуі — Қазақстан Халық партиясынан болса, тағы бірі — «Ақ жол» демократиялық партиясынан сайланса, ауылдық округтердің жаңа басшысыларының екеуі өзін өзі ұсынды.