Қазақстан Президенті Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында геосаяси ахуал мен Біріккен ұлттар ұйымы туралы пікірін жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек, деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.