Петропавлдағы түзету мекемесінде сұлулық байқауы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері түзету мекемесінде сұлулық байқауын ұйымдастырды. Бұл жолы қазылар алқасы сотталғандардың ішінен томпыш аруды іріктеп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Оған қатысушылар өздері тіккен киімдерін киіп, дефиле көрсетті. Сондай-ақ, интеллектуалды ойындарға қатысып, шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Соңында нәзікжандылар тәтті жеуден сынға түсті.

Бірінші орынды Олеся Смольникова иеленді, ол «Мисс Пампушка» атағына ие болды.

-Сайыстан ерекше әсер алдым. Шынымды айтсам, жеңемін деп ойлаған да жоқпын. Бүгін көрермендердің қошеметін сезіндім. Келушілер барынша қолдап, қол шапалақтап, бірге билеп отырды,-деді Олеся Смольникова.

whatsapp image 2022 03 02 at 14.25.53

Департамент өкілдері бұл шараның сотталғандардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналғанын айтты.

whatsapp image 2022 03 02 at 14.25.56whatsapp image 2022 03 02 at 14.25.56 1

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz