Соңғы күндері күн жылынып, облыс аумағында қар күрт ери бастады. Осы орайда iKomek call-орталығы тұрғындарға ғимараттардың шатырларын уақытылы тазарту керектігін еске салады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Орталық мамандарының мәліметінше, төбелерден қарды, қатқан мұздарды дер кезінде тазалау меншік иелерінің міндеті.
— Шатырларды қар мен мұздан тазарту бойынша шараларды қолға алу қажеттігін еске саламыз. Қаланы көркейту ережелерін естен шығарып, инфрақұрылымдарды бұзу, сондай-ақ, жасыл желектерді бүлдірудің салдары айыппұлға әкеп соқтыруы мүмкін,-дейді iKomek өкілдері.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл сомасы 20 АЕК немесе 61 260 теңгені құрайды. Ал шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар 91 890 теңге төлеуі мүмкін. Орта бизнес субъектілеріне 40 АЕК, яғни 122 520 теңге көлемінде айыппұл салынады. Ірі бизнес орындары үшін жаза 306 300 теңгені құрайды.