Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының неге өскеніне жауап берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
-Қазақстан өзін азық-түлікпен толықтай дерлік қамтамасыз етеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, соның ішінде импортқа тәуелді позициялардың (қант, тауық еті, сүзбе) айтарлықтай қоры бар,-деп хабарлады ведомство өкілдері.
Үй жанындағы дүкендерде бағаны көтеру фактілері байқалып жүргені мәлім. Ол көтерме сатушылардың тауарлардың бағасын алып-сатарлық жолмен арттыру жағдайларымен байланысты. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін әкімдіктер кәсіпкерлермен жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
-Әкімдіктер тарапынан 15%-дан аспайтын мөлшерде сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына күшейтілген мониторинг пен бақылау жүргізілуде. Осы мақсатта әрбір сауда нүктесін бақылау үшін жұртшылық тартылып жатыр,-дейді министрлік өкілдері.