СҚО тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша көш соңында

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі облыстардағы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Алматы (99,1%), Атырау (99%) және Қызылорда облыстары (97,8%) көшбасшы болып табылады. Дегенмен, көптеген өңірлердегі жағдай көңіл көншітпейді. Мәселен, халықты ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай облысында байқалады (74,9%). Оған қарағанда солтүстіктегі көрсеткіш сәл жақсырақ. Мұндағы көрсеткіш 83,5% -ды құрайды. Жалпы республикалық деңгейден 9,5% — ға аз.

Осыған дейін СҚО ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов биыл облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге 12,3 миллиард теңге бағытталатынын хабарлаған болатын. 23 елді мекенге су беру және сумен жабдықтауды жақсарту жоспарлануда. 33,5 мың адам үшін тіршілік көзінің сапасы жақсарады. 2 мың үй үшін орталық сумен жабдықтауға қосылу мүмкіндігі пайда болады.

Сондай-ақ, Қызылжар ауданының Бескөл мен Петерфельд, Шал ақын ауданының Сергеевка, Ступинка, Семиполка, Повозочный ауылында, сондай-ақ, М.Жұмабаев ауданының Тахтаброд, Новоселовка, Гаршино елді мекендерінде, Уәлиханов ауданының Ақбұлақ, Телжан, Жас Ұлан, Ақтүйесай, Бидайық, Күзексай, Айыртау ауданының Төменгі Бұрлық, Антоновка, Айыртау, Шалқар, Жамбыл ауданының Жаңажол, Казанка ауылында сумен жабдықтау объектілері салынады немесе нысандар жаңартылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz