Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған кандидатурасын Парламент Сенаты қолдап, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымына Берік Асыловты тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Берік Ноғайұлы 1964 жылдың 28 ақпанында туған.
Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының тағылымдамашысы болып бастаған. Әр жылдары Бас прокуратураның, Шымкент қаласының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары, Батыс аймақтық көлік прокуроры, Ақтөбе облысының прокуроры, Алматы қаласының прокуроры, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.