Елімізде Қазақстан тарихын жаңаша оқыту тұжырымдамасы әзірленуде

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тарих пәні мұғалімдерінің қатысуымен республикалық съезд ұйымдастырылды. Ауқымды іс-шараға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен 300-ге жуық білікті педагог қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген алқа отырысында:

-Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға ешбір бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлап, енгізуді тапсырамын», – деген болатын.

Қазақстандық тарихшы-ғалымдар жүктелген міндетті орындауға кірісіп кетті. М.Қозыбаев университетінде пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Жан-жақтан келген мұғалімдер мен ғалымдар Қазақстан тарихын оқыту мәселесін айтып, мектеп бағдарламасына енгізілуі тиіс өзгерістерді қарастырды.

– Біз қазір пәндердің мазмұнын жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды қолға алдық. Шаруаны жүргізу үшін бірінші кезекте біздің әріптестерімізбен ақылдасуымыз керек. Бұл мәселені мектеп мұғалімдері ғана емес, ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері, ғалымдар бас қосып талқылап жатыр. Оған қандай өзгерістер енгізу керек деген сұраққа жауап іздеуде. Пленарлық отырыста айтылған барлық ұсынысты тыңдап, қажетті шешім қабылдайтын боламыз, – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, қазір барлық ғылыми институттар мен жоғары оқу орындары академиялық көптомдық пен Қазақстан тарихын оқыту бойынша тиісті тұжырымдама дайындап жатыр.

– Президенттің берген тапсырмасына сәйкес қазір біз білім, ғылым туралы заңға өзгерістер енгіздік. Сол өзгерістерге сәйкес биылғы жылдан бастап фундаменталды ғылыммен айналысатын, соның ішінде тарихпен айналысатын ғылыми зерттеу институттары үзбей қаржы алып отыратын болады. Бұл тарихымызды зерттеу мәселелерін дамытып, ғалымдарды қолдау үшін жасалмақ, – дейді Білім және ғылым министрі.

Өңірге жұмыс сапары кезінде Асхат Аймағамбетов бірқатар білім нысандарының жұмысымен танысты. Соның ішінде Оқушылар сарайына ат басын бұрды. Айтуынша, педагогтар мен балалардың үйірмелерге деген қызығушылықтары көңіл қуантады. Әрі мекеме жоғары деңгейде жабдықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz