Биыл солтүстікқазақстандық диқандар тұқым сапасын тексеруге бөлінетін қаржыдан қағылды

Авторы: Qyzyljar News

Биыл солтүстікқазақстандық диқандар тұқым сапасын тексеруге бөлінетін қаржыдан қағылды. Жыл сайын тұқым сапасын тексеру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінетін. Биыл шаруалар өз қалталарынан төлейтін болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұқымның сапасын тексерумен 2 кәсіпорын айналысады. «ЗерноАгроЭксперт» ЖШС-ның директоры Азамат Тілеубергенов осы мәселе бойынша кәсіпкерлік палатасына жүгінген. Оның айтуынша, алдыңғы жылдары қаржы арнайы бағдарлама аясында бөлініп келген.

– Жоба аясында қаржыландыру тек біздің облысқа ғана берілмеді. Осыған дейін диқандар тұқымды тегін тексеріп жүрді. Ал 2022 жылы біраз шығынға ұшырайын деп тұр, – деді Азамат Тілеубергенов.

Бір зерттеу жұмысы 3 мың теңгеден басталады. Дәнді-бұршақты дақылдардан кем дегенде 5, ал майлы дақылдардан 6 рет сынама алу қажет.

Өткен жылы егілетін тұқым сапасын сараптауға бюджеттен 160 миллион теңге бөлінген. Биыл ауыл шаруашылығы басқармасы 200 миллион теңгеге өтініш беріпті. Алайда жергілікті мәслихат депутаттары ұсынысты құптамаған.
Дегенмен бұл мәселе шаруалардың барлығын бірдей алаңдатып отырған жоқ. Бірі зерттеу жұмыстары айтарлықтай қымбат еместігін айтып отыр, яғни өз қалталарынан шығаруға дайын. Ал екіншілері қолдау көрсетіліп, қаражаттың бюджеттен бөлінгені дұрыс деген пікірде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz