Еңбек ардагері Жақсылық Ысқақовтың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Авторы: Qyzyljar News

23-наурыз облысымыздың бетке ұстар, құрметті азаматы, еңбек ардагері Жақсылық Ысқақов 90 жасқа толады. Жерлесіміздің меретойына арналған іс-шаралар алдымен өзі дүниеге келген Есіл ауданындағы Бұлақ ауылында басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақсылық Ғабдоллаұлы 1932-шы жылы наурыздың 23-і күні өмірге келген. Жас азамат Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын, Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясын және Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық комитеті жанындағы жоғары партиялық мектепті бітіріп шығады. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Бойына еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін жиған қария жастарды әрдайым игі істер жасауға шақырады.

-Тек қана адалдық. Жамандық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады. Істеген жақсылықтарын өзіңе жақсылық болып қайтып келеді. Өзіңе келмесе бала-шағаңа, немере-шөберелеріңе келеді. Осы тәрбиеден еш уақытта аттамау керек,-дейді ақсақал.

Бұлақ ауылында Жақсылық ақсақалдың мерейтойына орай жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық турнир ұйымдастырылды. Мұнымен қоса, мерекелік жиын барысында тұрғындарға Жақсылық Ысқақов туралы деректі фильм көрсетілді.

Есіл ауданының әкімі Медет Оспанов мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, аудан мен өңіріміздің дамуына қосқан үлесін атап өтті. Сондай-ақ, Жақсылық Ысқақовты марапаттап, ат мінгізді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz